ІІМ-де қылмыстық-процестік нысандар мен іс жүргізулерді біріздендіру талқыланды
ІІМ-де қылмыстық-процестік нысандар мен іс жүргізулерді біріздендіру талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 наурызда Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша «Қылмыстық-процестік нысандар мен іс жүргізулерді біріктіру» тақырыбына халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Конференцияның жұмысына Бас прокуратураның, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Висмар қаласындағы Қолданбалы ғылымдар университетінің жанындағы Шығыс институты (Германия), М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ, «Тұран – Астана» университеті, «Bolashaq» Қарағанды академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті сияқты шетел және отандық ғылыми қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Санжар Әділов қолданыстағы қылмыстық-процестік нысандар мен іс жүргізулер, олардың тергеу тәртібі туралы айтып берді.
С.Әділов отандық заңнаманың тергеуді жүргізудің үш нысанда: анықтау, алдын ала тергеу мен хаттамалық нысанда жүргізу мүмкіндігін және жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру, бұйрықтық іс жүргізу, кінәні мойындау туралы келісім мен процестік келісім сияқты өндірістің төрт түрін көздейтінін атап өтті.
Заңнама қабылдаған нысандар мен іс жүргізулер арасында оларды ұйымдастыру тұрғысында елеулі айырмашылығы жоқ, өткізілетін тергеу мен процестік іс-әрекеттердің бірдей көлемі белгіленген.
Тергеудің мерзімдері мен тергеулік – бұл алдын ала тергеу мен анықтау арасындағы жалғыз айырмашылық, ал хаттамалық нысан қылмыстық құқық бұзушылықтың санатымен ғана ерекшеленеді.
Келісімдік іс жүргізуге тоқтала отырып, С.Ә. Әділов жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, бұйрықтық іс жүргізу мен кінәні мойындау туралы келісімді қолданудың негіздері, қаралатын құқық бұзушылықтардың санаттары бойынша өзара ұқсас екеніне, ал күдіктінің қылмыс жасауда кінәсін мойындауы, қойылған талап-арыздың талаптарымен келісетіні барлық іс жүргізулерді біріктіретін міндетті шарт болып табылатынына назар аударды. Соңғы жағдайда келісімдік іс жүргізу жасасқан адамға қатысты баптың санкциясында көзделген санкциядан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау көзделген.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша оның қатысушылары қылмыстық-процестік іс жүргізулерді қысқартудың мақсатқа сай екендігі туралы ортақ пікірге келді.