Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда дүкеннен барлық өнімді ұрлап кеткен ұры ұсталды

Қарағандыда дүкеннен барлық өнімді ұрлап кеткен ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қаңтарда Қарағанды ​​қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші кәсіпкерлікпен айналысатынын, дүкені барын айтты. Белгісіз біреу дүкенге кіріп, ондағы тағамның барлығын дерлік ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

1 наурызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру