Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қылмыстық істер – жас тергеушілер үшін оқулық іспеттес”, – Солтүстік Қазақстан облысында ІІО әйел-ардагерін құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысында ІІО әйел-ардагерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отставкадағы полиция подполковнигі Жаңыл Баймендина 30 жыл тергеу қызметінде еңбек етті. Оның қолынан жүздеген тергеу, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар өтті. Аудан мен облыс тергеушілерінің арасында үздік тергеуші атанып, 1998 жылы Жаңыл Бірімжанқызы республикадағы үздік тергеуші деп танылды.

ІІМ құрметті демалыстағы зейнеткері Баймендинаға ішкі істер органдарының ардагерлері құрметпен қарайды. 8 наурыз қарсаңында тәртіп сақшылары мерекемен құттықтады. Петропавл қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Темиреев пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Аманжолов Полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамы атынан құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. “Ерен еңбегі үшін” медалі қарт тергеушінің кеудесінде ерекше жарқырады.

Зейнеткер шын жүрегінен өзі қызмет еткен ведомство өкілдеріне ризашылығын білдірді.

– Барлықтарыңыздың еңбектеріңізге табыс, бала-шағаларыңа амандық, – тілеймін деді ол.

Оның ұлы Серік Молдабаев әулеттің ізін астанадағы Полиция департаментінде жалғастырып келеді.

1983 жылы Целиноград қаласынан аудан орталығы Мамлюткаға ауысып келді. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаңыл Баймендинаны жақсы біледі. 2000 жылы СҚО ІІД тергеу басқармасының аса маңынды істер жөніндегі аға тергеуші лауазымынан зейнетке шықты. Бірақ құрметті еңбек демалысында болса да, тергеу бөлінісінде шеф-нұсқаушы бола отыра, өз тәжірибесімен бөлісіп, жас тергеушілерге жол көрсетуден жалыққан емес. Кейін адвокаттық қызметке ауысты.

– Жас қызметкерлерге көрсету үшін біз ара-тұра архивте жатқан, Жаңыл Бірімжанқызы тергеген қылмыстық істерді көтереміз. Оның жүргізген әр тергеу жұмысы – істі дұрыс шешудің ерекше үлгісі. Ол күдіктіден алғашқы жауап алған кезде шындықтың беті ашылған жағдайлар жиі кездесетін, — дейді Мамлют ауданы ПБ бастығының орынбасары Өмірбек Жаналинов.

Баймендинаның істерін ол жас тергеушілер үшін кәдімгі оқулық деп атайды.

– Менің еңбек жолымдағы тәжірибеме құрметпен қарағандарыңызға қуаныштымын. Бүгінгі таңда полицияның жұмысы басқа арнада. Біздің кездегі басатын машинкалармен салыстырғанда заманауи технологиялар тергеушілердің жұмысын айтарлықтай жеделдетті. Бірақ мұнымен артылған жүк жеңілдеді ме? Олай деп ойламаймын. Қандай техникамен жұмыс істесең де, ең бастысы – тергеушінің күдіктімен сөйлесудің оңтайлы жолын тауып, оны түсініп, сөзге тарта білу. Менің жүргізген тергеу жұмыстарым әлі есімде, оның ішінде ерекше есімде қалғаны – үш адамның өлімі. Салқынқандылықпен адам тағдырын жалмап, денелерін жасырған кісі өлтірушімен өзіңді кездесуге көндіру оңайға соқпады, — дейді Жаныл Бірімжанқызы.

Полицияда жұмыс істеу әйелге тән емес дегенді жиі естисің. Алайда Жаңыл Баймендина әр нәрсеге ұқыптылық, шыдамдылық пен түсіністікпен қарау сынды әйел бойындағы табиғи қасиеттер күдіктілермен және куәгерлермен тез тіл табысуға септігін тигізеді деп санайды.

– Тек шыдамдылықты шыңдап, табандылық танытып, алған мақсатыңнан тайынбау керек. Әйел қызметкерлерді 8 наурыз мерекесімен құттықтай отыра, қиындыққа мойымай, өздеріңізге деген сенімділікпен мақсатқа жете берулеріңізді тілеймін!, – деді зейнеткер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру