Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда қызғаншақ жігіт достарымен қарсыласының пәтеріне басып кірді

Жезқазғанда қызғаншақ жігіт достарымен қарсыласының пәтеріне басып кірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурызда Қарағанды ​​облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 28 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ер адамның айтуынша, түнде біреулер оның пәтеріне заңсыз басып кірген.

Жедел-іздестіру тобының қызметкерлері 35-42 жас аралығындағы үш ер адамды ұстады.

Белгілі болғандай, жәбірленуші бір әйелге бола шабуыл жасағандардың бірімен жанжалдасып қалған. Соңғысы достарын көндіріп, жеке мәселесін шешу үшін арызданушының үйіне келген.

ҚР ҚК-нің 149-бабы (Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру