ІІМ-де тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды
ІІМ-де тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 сәуірде ҚР ІІМ-де министрдің орынбасары Игорь Лепеха мен "БҰҰ-әйелдер" құрылымының Орталық Азия бойынша өңірлік кеңсесінің өкілі Джерен Гювен Гюрештің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Сондай-ақ жиынға ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов, кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары Асет Каленов және "БҰҰ-әйелдер" құрылымының елдік бағдарламасының жетекшісі Дина Амришева қатысты.
Тараптар кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, гендерлік теңдікті ілгерілету, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.
Бірлескен жобаларды іске асырудың келешегі мен нақты тетіктеріне ерекше назар аударылды.
