Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ есірткі қойып кетушілерді ұрып-соғу туралы видеоға жауап берді

ІІМ есірткі қойып кетушілерді ұрып-соғу туралы видеоға жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Telegram арналарының бірінде есірткіні жасырын тығып кетушілерді жазалап жатқан бейне жүктелген. Есірткі таратушылар сату үшін алынған есірткіні жасырған немесе жоғалтып алған. Бейнежазбада есірткі жасырып кетушілерге күш қолданып жатқаны көрсетілген.

Ішкі істер министрлігі бейнежазбадағы ұрып-соғу оқиғалары әр уақытта, елдің әр аймақтарында болғанын хабарлайды.

Қылмыскерлер алынған есірткіні қандай да бір себептермен таратпаған “жасырын тығып кетушілер” туралы ақпарат (төлқұжат деректері, тұрғылықты мекен-жайы) орналастырылатын жабық телеграм-чаттар құрады. Оларға күш қолданып, соққыға жыққаны үшін сыйақы – ақшалай сома немесе есірткі жарияланады. Күш қолданып соққыға жығу бейнелері  қорқыту үшін осындай жабық чаттарда жарияланады.

Ведомствода түсіндіргендей, мұндай фактілерді полиция әлеуметтік желілердің мониторингі барысында үнемі анықтап отырады. Мұндай жағдайларда полиция жәбірленушінің жеке басын анықтайды, сотқа дейінгі іс жүргізуді қозғайды, қылмыстың ықтимал қатысушыларын анықтау бойынша өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады. Telegram-чат иелерін анықтау жұмыстары жүргізеді.

Осы ретте мұндай чаттардың жұмысын тоқтатуда белгілі бір қиындықтар бар: чатқа кірудің жабық форматы, арналарды кодтау, сондай-ақ негізгі аккаунт жойылғаннан кейін іске қосылатын клиенттер мен жасырын тығып кетушілердің базалары бар “айна” деп аталатын арналардың құрылуы.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды интернет-ресурстарда күмәнді ақпаратты таратуға қатыспауға, өздерінің дербес деректерін әлеуметтік желілер арқылы таратпауға шақырады. Ата-аналарға балаларының смартфондарындағы тұрғылықты жері, төлқұжат деректері, күнделікті қозғалыс маршруттары туралы ақпаратты қамтитын фотосуреттер мен бейнелерге назар аудару ұсынылады. Телефондағы бұл деректер жасөспірімнің есірткі таратумен айналысатынын көрсетуі мүмкін.

Сонымен бірге азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинау және өңдеу қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын хабарлаймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру