Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пойыздың әйнегін сындырған Қызылорда облысының тұрғыны жауапқа тартылды

Көлік полицейлері жолаушылар пойызы тамбурының кіреберіс есігінің әйнегін сындырған жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне Ақтөбе – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы бастығының актісі бойынша құқық бұзушы берілді.Тексеру барысында көлік полицейлері жол-жөнекей масаң күйде болып, пойыз тамбурының кіреберіс есігінің әйнегін сындырған Қызылорда облысының 37 жастағы тұрғынын анықтады.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК 562-бабы бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 15 айлық есептік көрсеткіш (51 750 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, осы жылдың басынан бері акті бойынша жолаушылар пойыздарынан түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 79 тұлға түсірілді, оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 71, ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарын және олардың iшкi жабдығын бүлдiргені үшін бір жолаушы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру