Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны анасының шотынан 800 мың теңге ұрлаған

Ақмола облысында 41 жастағы ұлы анасының шотынан 800 мың теңге ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қаңтарда Степногорск қаласының полиция басқармасына 67 жастағы жергілікті тұрғынның ұрлық фактісі туралы өтініші келіп түсті. Зейнеткер 2022 жылғы 24 желтоқсаннан 2023 жылғы 4 қаңтарға дейінгі кезеңде оған тиесілі HalykBank-тегі шотынан 800 мың-нан астам ақша қаражаты ұрланғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол өтініш берушінің бұрын ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1982 жылы туған ұлы болып шықты.

Полиция басқармасы аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру