Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ мұражайында жас полицейлерге экскурсия өткізілді

Отан қорғаушылар күні қарсаңында ІІМ мұражайында дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің жас қызметкерлеріне арналған іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айта кетейік, 1993-2001 жылдары қазақстандық Қорғаныс министрлігі, ІІМ және ҰҚК Шекара қызметінің жауынгерлері Тәжікстанда бейбіт өмірді қамтамасыз етті.

Қазақстандық құрама батальонның ТМД Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамында тәжік-ауған шекарасын қорғауға қатысуы – нағыз ерлік пен батырлықтың, антқа адалдықтың үлгісі.

Осыған байланысты мұражайға келушілердің назарына сол кездегі оқиғалар туралы фотосуреттер, деректі материалдар ұсынылды.

Жас полицейлерге “Ерлікке жеткізген жол” кітабы таныстырылды. Сондай-ақ, қонақтар сол оқиғаларға арналған “Память” бейнефильмін тамашалады.

Жас қызметкерлер өз өмірлерін Отанға қызмет етуге арнаған ардагерлердің әңгімелерін де үлкен ықыласпен тыңдады.

“Ер жүрек қазақстандықтар Тәуелсіз Қазақстанның әскери шежіресіне өшпес із қалдырды. Олардың жауынгерлік істері қазіргі ұрпаққа үлгі”, – деп атап өтті ІІМ мұражайының қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру