Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ өкілдері Қаржы министрлігінде есірткі қылмысының алдын алу бойынша профилактикалық семинар өткізді

"Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері профилактикалық семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында қатысушыларға еліміздегі қазіргі есірткі ахуалы, есірткі құралдары мен психоактивті заттардың заңсыз таралуына байланысты заманауи қауіп-қатерлер, сондай-ақ есірткі қылмысының алдын алу бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынылды.

Семинар барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың жеке жауапкершілігін арттыру және есірткі құралдарының заңсыз айналымына мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шараларды өткізу халықтың ақпараттық хабардарлығын арттыруға және есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру