Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ орын алуы мүмкін алаяқтық жағдайлар туралы ескертеді

Басқа шаралармен бірге Төтенше жағдай енгізу ірі сауда объектілері, базарлар және тағы басқа осындай орындардың жұмыс істеуін шектеуді қарастырады.


Осыған байланысты, бұл жағдайды алаяқтар азаматтарды алдау үшін пайдалануы әбден мүмкін. Олар жеткізіп береміз, халық тұтынатын тауарлар сатамыз, соның ішінде ең бірінші кезекте тұтынылатын заттарды, инфекциядан қорғайтын құралдар немесе қымбат дәрі-дәрмектер сатамыз деген желеумен азаматтарды қақпанға түсіруге тырысады. Тұрғындарды сендіру үшін әртүрлі тәсілдерді қолданып, жетіспейтін тауарлар, бағасы қымбаттаған тауарлар мен қалдық тауарлар “бұрынғы бағамен” сатылады деп көпшілікті қызықтыруы мүмкін.


Алаяқтардан шетел валютасын сатып алу және түрлі “бизнес-жобаларға” қаражат салу туралы ұсыныстар түсуі мүмкін.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін келесі қауіпсіздік шараларын ұстану ұсынылады:
* интернет желісінің басқа көздерінен сатушы, интернет-дүкен туралы ақпаратты тексеріңіз.
* төмен бағалар мен жеңілдіктерге қарамастан, тауар үшін алдын ала төлем жасамаңыз, тауарды алғаннан кейін ғана төлемді жүзеге асырыңыз. Егер сатушы алдын ала төлемді талап етсе, онда ол – алаяқтық.
* ешқандай жағдайда ешкімге өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді, пластикалық картадан ақпаратты, аудару чектерін және кодтар мен код сөздерді хабарламаңыз. Өз құжаттарыңыздың, пластикалық картаңыздың суреттерін, әсіресе, бейтаныс адамдарға жібермеңіз.
* күмәнді мәмілелер бойынша ақша аудармаңыз, пайда табасыз деп бейтаныс адамдар ұсынған іске кіріспеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру