ІІМ Қостанай академиясында полицейлер мен журналистердің өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
Полиция қызметкерлері мен журналистердің өзара іс-қимыл мәселелері ІІМ Қостанай академиясында өткен семинар-тренингте талқыланды. Іс-шараға БАҚ өкілдері мен Ішкі істер министрлігінің білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
Үш күндік тренингте полиция оқытушыларын кәсіби журналистер Айнур Коскина, Диана Окремова, Гульмира Биржанова және Марат Садыков оқытты.
Семинар аясында ІІМ құқық қорғау органдарының, оқу орындары мен орталықтарының қызметкерлері шешендік қағидаттар мен дағдыларын, әлеуметтік желілерде жұмыс істеуді, аккаунттарды басқаруды үйренді. Телевизиялық бұқаралық ақпарат құралдарымен, блогерлермен, редакторлармен және радио жүргізушілерімен жұмыс істеу тұрғысынан көптеген пайдалы ақпарат жеткізілді.
Сондай-ақ дағдарыс жағдайында өзін қалай ұстау керектігі, әлеуметтік желілердегі азаматтардың пікірлеріне қалай жауап беру бойынша кеңестер мен ұсыныстар берілген.
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ІІМ журналистерге маңызды рөл берілетін қазақстандық полицияның қызметі туралы ақпараттың ашықтығы, қолжетімділігі және уақтылы берілуі мәселелеріне ерекше назар аударады.
Біздің қоғамды толғандыратын – қылмыстың жай-күйі мен оған қарсы іс-қимыл туралы, қазақстандық социумның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, заңдылықты бұзудың кез келген көріністеріне төзбеушілік туралы объективті ақпарат беру бойынша полициямен өзара іс-қимылда ортақ мақсаттарға қол жеткізіледі.