Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отшашу қолданған Атырау тұрғыны жауапқа тартылды

Отшашу қолданған Атырау тұрғыны жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, сату және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 25 желтоқсаннан бастап Атырау қаласы аумағында “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

21 желтоқсан күні сағат 22:15-те Атырау қалалық Жедел басқару орталығының қызметкерлері белгісіз тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды қолданып жатқаның байқап, жедел түрде учаскелік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары белгіленбеген жерде пиротехникалық бұйымды қолданған 19 жастағы азаматты анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігімен (Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану) хаттама жасақталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру