Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяққа алданған Шымкент тұрғыны ақшасынан айырылды

Алаяққа алданған Шымкент тұрғыны ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 желтоқсанда сағат 10:15-те Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында үш айдан бергі танысы мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы 1,2 млн теңге алып беремін деп 100 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері хабарды алған бойда жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Тергеу барысында ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазіргі уақытта күдіктінің алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру