Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер жол қауіпсіздігі туралы ескертті

Жетісу облысында полицейлер жол қауіпсіздігі туралы ескертті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларын көп жағдайда күтпеген әрі алдын алуға келмейтін жағдай ретінде қабылдаймыз. Алайда қайғылы оқиғалардың басым бөлігі кездейсоқтықтан емес, жол қозғалысы ережелерін елемеу, асығыстық, немқұрайлылық пен жауапсыздық салдарынан орын алады.

Жыл басынан бері Жетісу облысында 260 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 21 адам қаза тауып, тағы 450 адам түрлі дене жарақатын алған. Бұл — жай ғана статистика емес. Әр санның артында адам тағдыры, отбасының қайғысы мен орны толмас өкініш жатыр. 21 адам енді ешқашан туған-туыстарының ортасына оралмайды. Ал 450 адам олардың өмірін "дейін" және "кейін" деп екіге бөлген сол күнді мәңгі есінде сақтайды.

Бұл қайғылы жағдайлардың алдын алуға болар ма еді? Кейде адам өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ғана әрекеттер жеткілікті: қауіпсіздік белдігін тағу, жылдамдықты асырмау, жол беру, шаршаған немесе мас күйде көлік тізгініне отырмау, телефонға алаңдамау.

— Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады. Адам өміріне қатысты "ұсақ" құқық бұзушылық деген болмайды. Жол қозғалысы ережелерін сақтау — жай ғана міндет емес, өз өміріңе, жақындарыңа және айналаңдағы адамдарға деген құрметтің көрінісі. Тек ортақ жауапкершілік пен тәртіп қана жолдағы қайғылы оқиғалардың алдын алып, адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді", — дейді полиция қызметкелері.

Қауіпсіздік мәдениеті күн сайын қалыптасады. Ол әрбір жүргізушінің, жолаушының және жаяу жүргіншінің әрекетінен бастау алады. Жолдың қауіпсіз ортаға айналуы немесе кезекті қайғылы оқиға орны болуы — әрқайсымыздың қабылдаған шешімімізге байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру