Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер ұрланған телефонды иесіне қайтарды

Астана қаласында жедел-профилактикалық іс-шара барысында телефон ұрлығы ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының полиция қызметкерлері жүргізген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында телефон ұрлығы дерегі әшкереленді.

Тергеу барысында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде интернет желісін орнату жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардың сырт киімі есігінің тұсына ілініп тұрған сәтте, белгісіз тұлға қалтадағы iPhone 14 телефонын жасырын түрде ұрлап кеткені анықталды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұрланған мүлік заңды иесіне қайтарылды.

Полиция департаменті азаматтарға жеке мүліктерін қараусыз қалдырмауға, қоғамдық орындарда сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. Күдікті жағдайлар туындаған жағдайда дереу "102" арнасына хабарласу қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру