Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісай тұрғынын танысы 1 млн теңгеге алдап кеткен

Жетісай тұрғынын танысы бір млн теңгеге алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни, танысы қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп сеніміне кіріп, бір млн теңгесін алған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Жетісайлық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажет деп танылған барлық жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде Шымкент қаласының жұмыссыз тұрғынын анықтады.

Белгілі болғандай, сезікті әйел Жетісайға қыдырып келген. Ал алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары оның бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру