Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Қостанай академиясына Қырғызстан Республикасынан делегация келді

ІІМ Қостанай академиясына пенитенциарлық мекемелердің қызметкерлерін даярлау бойынша тәжірибе алмасу үшін Қырғызстан Республикасынан делегация келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев қатысады.

Екі күндік сапар барысында Қырғызстан Республикасының жазаны орындау қызметінің делегациясы пробация қызметінің мамандарын даярлау орталығымен, Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚАЖ мамандарын даярлау орталығымен танысады. Сондай-ақ Нельсон Мандела ережелерін зерттеу орталығында кездесу өтеді.

Қырғызстан Республикасының Қылмыстық – атқару жүйесі қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталығының бастығы Болатбек Абдрахманов, Қырғызстан Республикасының Жазаны орындау қызметі бас штабының бастығы Баатырбек Калыгулов, ішкі қызмет капитаны Эльвира Мондурбаева, Жазаны орындау қызметі бас штабының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аға инспекторы Айнур Базаркулова ІІМ Қостанай академиясының қызметкерлерімен бірлесіп, дөңгелек үстелде “Кадрларды даярлау сапасын арттыруға ықпал ететін жағдайлар ретінде білім беру және ғылыми қызметтің бірлігі” тақырыбын талқылайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру