Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Параға қой бермек болған: ақмолалық ҚАЖ қызметкері медальмен марапатталды

Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІО-ның бірден үш қызметкері медальдармен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазанда елордалық дүкендердің бірінің сатушысы 21 жасқа толмаған адамға алкоголь мен темекі сатқан. Ол әкімшілік жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Құлжановтың күртешесінің қалтасына 50 мың теңге салады.

Дәл осы сәт полицейдің бейнетіркегішіне түсіп қалады. Сатушыға қатысты пара беруге тырысқаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал 24 қазанда Атырау-Орал автожолында патрульдік полиция қызметкері Ризабек Сапанов Chevrolet Lacetti көлігін тоқтатады. Рөлде 32 жастағы Ресей Федерациясының азаматы отырады, ол көлікті сақтандыру полисінсіз басқарған.

Көлік жүргізушісі инспекторға құжаттарын ұсынғанда өзін әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін сыйақы түрінде 500 рубльді қоса береді.

Ақшаны беріп жатқан сәт Сапановтың бейнетіркегішіне түсіп қалған. Ол дереу оқиға орнына Атырау қаласы ПБ жедел-тергеу тобын шақырады.

Осы факті бойынша полиция қызметкерлері ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігі (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазан айының ортасында Ақмола облысының мекемелерінің бірінде болған оқиға көбіне белгілі. Жуырда колониядан шыққан ер адам ҚАЖД қызметкері Салтанат Жакеноваға қоңырау шалып, оған бір қой мен “ай сайынғы азық-түлік сыйақысын” ұсынып, өзімен бірге тұратын әйелді пробациялық тексеруден босатып алмақ болған.

Осыған байланысты 37 жастағы ақмолалық ұсталып, оған қатысты пара беру туралы қылмыстық іс қозғалды.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жолын кескені үшін үшеуі де медальдармен марапатталды.

Елордалық учаскелік полиция инспекторы 32 жастағы Бақытжан Құлжанов пен Атырау облысы ПД патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы 37 жастағы Ризабек Сапанов ”Құқық тәртібін қамтамасыз ету еруге қосқан үлесі үшін” медальдарымен марапатталды.

Айта кетейік, полицияның екі қызметкері де көп балалы әке. Олардың әрқайсысы отбасында 5 баладан тәрбиелеп отыр.

Ал Ақмола облысы бойынша ҚАЖД Егіндікөл ауданының пробация қызметінің инспекторы Салтанат Жәкенова “Қылмыстық атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды. Ол ІІО-да 2020 жылдың наурызынан бері істейді. Тұрмыс құрған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру