Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ қызметкерлері қан тапсырды

2020 жылдың 29 желтоқсанында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп “Погондардағы донорлар” атты кезекті донорлық акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицей – бұл өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін мамандық, сондықтан погон таққан адамдар донорлықтың қажеттілігін басқалардан да жақсы түсінеді.

Жаңа жыл қарсаңында 2020 жылдың 29 желтоқсанында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп “Погондардағы донорлар” атты кезекті донорлық акциясын өткізді.

Іс–шараның мақсаты – донорлық қан өмірлік маңызға ие адамдарға көмек көрсету және олардың қатарына мүмкіндігінше көп адамды тарту.

Әлеуетті донорларды және жалпы денсаулық жағдайын тексергеннен кейін Орталық қызметкерлері 40-қа жуық тәртіп сақшысын қан тапсыруға жіберді.

– Біз ІІМ-нің барлық донорларына, сондай-ақ донорлық акцияны ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс айтамыз және барлық қызметкерлерге мықты денсаулық, жоғары гемоглобин және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Жақсы үлгі көрсеткендері үшін рақмет. Біздің донорларымызға амандық пен табыс тілейміз! – деп атап өтті орталықтың медицина қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай акция дәстүрлі түрде жүйелі өткізіліп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру