Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мекеме аймағына тыйым салынған заттарды өткізу дерегінің жолы кесілді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттарды өткізу дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 29 желтоқсаны күні сағат 20:10-да мекеменің сырты периметріне екі күдікті азаматтың таксимен келгені белгілі болды. Аталған жерге мекеме қызметкерлері дереу жетіп, екі күдікті азаматты  ұстады.

Нәтижесінде аталған азаматтардан 1 литрлік 10 дана пластмасса ыдысқа құйылған барлығы 10 литр спирттік ішімдік тәркіленді. Түнгі уақытта жақсы көрінуі үшін олар әр ыдысқа жарық беретін құрылғы жапсырған.

Осы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жедел-тергеу  тобы шақырылып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру