Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ заңсыз қару мен оқ-дәрілерді тәркілеуді жалғастыруда

Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Жыл басынан бері полиция 664 қару, 54 граната және 8 мыңға жуық оқ-дәрі тәркіледі.

Жалпы қабылданған шаралардың арқасында соңғы үш жылда 8 541 түрлі қару, сондай-ақ 870 граната мен 118 246 оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында еліміздің әртүрлі өңірінде 2 316 қару сақталған 772 схрон табылды.

Бүгінгі таңда 1 263 қарудың қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды.

Тәркіленген қалған 7 278 қарудың тіркеу нөмірлерін қаскөйлер қасақана жойған. Осыған байланысты олар бойынша қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру