Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ ЖКД-да қылмыстарды ашуда криминалистикалық зерттеулерді пайдалану мәселелері бойынша кеңес өтті

Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық департаментінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде құқық қорғау, арнаулы органдар және Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары өкілдерінің қатысуымен қылмыстарды ашуда және тергеп-тексеруде криминалистикалық зерттеулерді пайдалану мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында криминалистика саласында арнайы білімді қолдануға, техникалық-криминалистикалық қамтамасыз етуге, мамандарды даярлауға және біліктіліктерін арттыруға, цифрлық криминалистиканы дамытуға, сондай-ақ қылмыстық-процестік заңнамаға жаңа қатысушы – сарапшы-криминалиске сот сараптамаларын жүргізу бойынша функцияларды бөлуге қатысты мәселелердің қатары талқыланды.

Мемлекеттік органдардың өкілдеріне молекулярлық-генетикалық зертхананың мүмкіндіктері көрсетілді.

– Сот сараптамалары орталығындағы зертханадан айырмашылық, мұнда зерттеулер жалпыәлемдік генотиптеу қағидаты бойынша емес, секвенирлеу бойынша жүргізіледі. Көздің, шаштың түсін және ұлтын анықтай аламыз, – деді ІІМ ЖКД бастығы Серік Садықов.   

Сонымен бірге қонақтарға Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы жобасының шеңберінде іске қосылған “DIGITAL CRIM LAB” цифрлық криминалистикалық зертхананың бірегей пилоттық жобасы көрсетілді.

Ол дәлелдемелерді: саусақтардың таңбаларын, ДНҚ, қару және жарылғыш заттардың іздері мен басқа да айғақтарды зерттеу үшін заманауи құрал-жабдықпен және арнайы технологиялармен жарақталған. 

Кездесудің соңында құқық қорғау ведомстволарының өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстар берілді.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру