Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Iphone-ды кәсіпке айналдырған алаяқ ұсталды

Ақтөбелік полицейлер “Iphone” маркалы телефондармен алаяқтық жасаған бірқатар қылмыстарды ашу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 34 жастағы Ақтөбе тұрғынын анықтап, ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, алаяқ медициналық маскамен жүріп, телефон сатушыларды алдаған.

5 сәуір күні ер адам ақтөбеліктен “Iphone 11” ұялы телефонын алдап алып кеткен. Алаяқ төтенше жағдай режимін пайдаланып, Ә.Молдағұлова даңғылындағы пәтерді тәулік бойы жалға алған. Содан кейін ол Iphone маркалы ұялы телефондарды сататын адамдарға  қоңырау шалып, “сатып аламын” деп сатушылардың бірін пәтерге шақырған. 1986 жылы туған ақтөбелік сатушыны асүйге шақырып, “телефонды әйеліне көрсету үшін” асүйден шығып, пәтерден қашып кеткен. Шығын 705 мың теңгені құрады.

6 сәуір күні алаяқ 1999 жылы туған басқа ақтөбелікті алдады. Алаяқ Батыс-2 шағын ауданында бір тәулікке пәтерді жалға алған. Содан кейін телефон иесін пәтерге шақырған. Телефонын алып,  пәтерден қашып кеткен. Шығын 365 мың теңгені құрады.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты алты арыз келіп түсті. Ол тергеу изоляторына қамалды. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлімі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер алаяқтан зардап шеккендерді полицияға хабарласуды сұрайды.

Облыстық Полиция департаменті осы алаяқтың қолынан зардап шеккен ақтөбеліктерді полицияға 8 (705) 380-77-50 немесе “102” телефондарына хабарласуды немесе №1 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне өтініш білдіруді сұрайды.
Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.