Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны үйінде есірткі өсірген

Өз үйінде есірткі өсірген Шымкент тұрғынына қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 мамырда Еңбекші ауданында Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында 53 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру фактісін анықтады.

Үй ауласын тінту барысында есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіретін құмыралар табылды.

Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдіктер есірткі заттарына жататындығы расталды.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру