Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда қозғалыс құралдары таңбаланды

Облыс орталығында әртүрлі жеңіл қозғалыс құралдарына таңба салып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жыл басынан бері Қостанай полиция бөліміне велосипед ұрлығы туралы 22 өтініш келіп түскен. Бүгінгі күні ұрланған мүліктің алтауы табылып, заңды иелеріне қайтарылды.

Жаз мезгілінің келуімен және ТЖ режимінің алынып тасталауымен тұрғындар велосипедті жиі қозғала бастады.

2020 жылдың 14-17 мамыры аралығында велосипед ұрлығының алдын алу және қылмысты ашу мақсатында Қостанай қаласының аумағында “Велосипед” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, қосымша алты жаяу патруль жасақталды.

Сәуір айының басынан бастап велосипед иелерімен, осы көлік түрі бар балалардың ата-аналарымен өз мүлкіне ұқыпты қарау туралы профилактикалық сипаттағы 2089 әңгіме өткізілді. Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде қала көшелерінде 217 тұрғын тексерілді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, іс- шараларын өткізу кезінде 20-дан астам құралға белгі қойылды.

Айта кету керек, қала тұрғындары Қостанай қаласының полиция басқармасына оның велосипедін таңбалау үшін өз бетінше жүгіне алады. Полиция қызметкерлері сәйкестендіру нөмірін бере отырып, велосипедтерге таңба басады, олар иесінің деректерімен сол жерде дерекқорға енгізіледі. Бұл әрекеттер кейіннен ұрланған мүлікті іздестіруді жеңілдетеді. Барлық сұрақтар бойынша 52-67-97 нөміріне хабарласуға болады.

Мүлікке таңба басу төмендегі кестеге сәйкес учаскелік полиция пунктінде жүргізіледі. Белгіленген кестеге сәйкес учаскелік полиция пункттерінде велосипедтерді таңбалау жүргізіледі.

Бүгінгі күні криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері 39 велосипедті таңбалады. Өткен жылы 505 велосипедке таңба қойылған, талдау көрсеткендей, сәйкестендіру нөмірлері бар велосипед иелері полицияға жүгінбеген.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мүлікті сақтаудың жалғыз кепілді тәсілі – велосипедті қараусыз қалдырмау. Егер ешқайда бармасаңыз, оны ұзаққа қалдырмасаңыз да, көлік құралын қауіпсіз жерге байлау керек. Сонымен қатар, арзан және жұқа тростар оңай ашылатынын ұмытпаңыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру