Ақтөбе қаласында анасымен ұрсысып, үйіне оралмаған қыз баланы полицейлер анасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 мамыр күні анасымен жанжалдасу нәтижесінде Ақтөбе қаласында ағайынды Жұбановтар көшесінде тұратын 14 жастағы қыз үйден кетіп қалды.
Сол күні сағат 23-20 шамасында 40 жастағы анадан арыз түсірген. Қызы 8-сынып оқушысы бұрын үйінен кетіп көрмеген. Ана қызын өзі тәрбиелеп отырғандығы анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірім таңертең табылды. Ол үйіне оралғысы келмегендіктен құрбысының үйіне кетіп қалған.
Қыз бала анасына берілді.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды және жасөспірімдер жасындағы ерекшеліктерін ескере отырып, оларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды ұсынады.