Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрі есірткімен күрес туралы айтты

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Ішкі істер министрі есірткімен күрес туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz

ІІМ басшысы 2019 және 2020 жылдары есірткіні интернет арқылы жарнамалау, насихаттау және өткізу ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылғанын атап өтті.

Олардың жолын кесу жөніндегі жұмысты жандандыру аса ауыр қылмыстардың статистикалық 3%-ға (1 549-дан 1 602-ге дейін) өсуіне алып келді. Тіркелген аса ауыр қылмыстардың әрбір үштен бірі есірткі қылмысына тиесілі (533).

Олардың 300-ге жуығы интернет желісі арқылы жасалған.

Жыл басынан бері мониторинг барысында 1 772 есірткі сайты анықталды. Олардың барлығы “кибер бақылау” жүйесі арқылы бұғатталған. Әрбір осындай интернет-дүкеннің артында есірткі сатушылар, курьерлер, кепілгерлер желісі бар бүкіл қылмыстық топтар тұр. Осындай бір электронды ресурсты жою – жүздеген өмірді құтқарады.

Ішкі істер министрлігі қылмыстың статистикалық өсуіне саналы түрде барады. Министрлік үшін бастысы – статистика емес, азаматтар мен біздің өскелең ұрпақтың денсаулығы.

Пандемия кезінде “жабық” шекаралар жағдайында дамыған есірткі зертханалары мен притондар ерекше қауіп төндіреді. Олар күн сайын өлімге әкелетін килограммдаған заттарды шығарады.

Жыл басынан бері осындай 33 цех жойылды, құны 2 млрд теңге болатын 105 келі синтетика немесе 200 мыңнан астам бір реттік доза тәркіленді.

Павлодарда интернет-дүкен арқылы есірткі сатушы ұсталды. Одан 1,5 келі синтетика тәркіленді.

Ресейлік әріптестерімен бірлескен арнайы операция барысында трансұлттық есірткі тобы жойылды. Бұл қылмыскерлерден Омбы мен Таразда құны 9,5 млн тұратын 260 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Бұл өткен жылдың қазан айынан бастап ауыр түрлерге теңестірілген есірткінің бір ғана түрі. Осы есірткі түрін сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 1 грамнан (бұрын 50 г) басталады.

Жалпы, полиция 11,8 тоннадан астам есірткі тәркіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан халқына Жолдауында ІІМ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеуге кірісті.

Бұл жоспарда:

– уәкілетті есірткіге қарсы орган ретінде ішкі істер министрлігінің Үйлестіру құзыретін күшейту;

– жаңадан шығарылатын синтетиканы тыйым салынған заттар тізбесіне жедел енгізу;

– медициналық есепке алуды жетілдіру пысықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру