Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ахметжанов шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы айтты

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан тағы бір іс-шара – шетелдік автокөліктерді заңдастыру.

Сақтандыру компанияларының деректері бойынша, елде 300 мыңнан астам шетелдік автомобиль бар. Олардың барлығы дерлік Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен – Ресей, Армения, Қырғызстан және Белоруссиядан әкелінді (99%).

– Оларды Қазақстанда заңдастыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең – заңдастыруды өткізу үшін заңнамаға қажетті түзетулер енгізу. Екінші кезең – барлық қажетті құқықтық актілер қабылданғаннан кейін заңдастыруды өткізу, – деді министр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру