Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Министр Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметі туралы айтты

Министр ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Марат Ахметжанов шілде айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ-де Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті құрылғанын хабарлады.

Еліміздің 5 өңірінде (Алматы қаласы, Атырау, Маңғыстау, СҚО, Жамбыл облыстары) 2 трансұлттық қылмыстық топ ұсталды. Олар кәсіпкерлерді тонаумен және бопсалаумен айналысқан. Қазіргі уақытта 11 адам ұсталды. Тінту барысында олардан қару, атыс қаруы мен есірткі тәркіленді.

Алматы облысында екі майнинг фермасын құрған бұрын сотталған қылмыскерлер тобы әшкереленді. Барлығы 20 адам ұсталды. 7 миллион АҚШ доллары тұратын құрал-жабдықтар, қару тәркіленді. Олардың ай сайынғы заңсыз кірісі 500 мың АҚШ долларына жетті.

Шымкентте, Таразда және Түркістанда құрамында 11 адам бар қылмыстық топ анықталды, олар қыздарды сексуалдық қанау үшін азғырумен және сатумен айналысқан. 14 жәбірленушінің ішінде алты кәмелетке толмаған бар.

Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сату фактілері бойынша 6 қылмыстық іс тергелуде.

Осы қаланың әуежайында құны 84 миллион теңге болатын алтынды контрабандамен алып өтпек болған 2 адам қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру