Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің гала-концерті өтті

Алматыда Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің гала-концерті өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы қаласындағы “Алатау” дәстүрлі өнер театрында ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы аясында ҚР Ұлттық ұланы ән-би ансамблінің әртістері “Қазақстан Республикасына қызмет ететін! тақырыбында концерт өткізді.

Мерекелік концертте халықаралық байқаулардың лауреаттары мен басқа да таланттар ансамбль бастығы Алпамыс Асылбектің жетекшілігімен қазақстандық композиторлардың патриоттық тақырыптағы әндерін, соғыс жылдарындағы композицияларды, сондай-ақ халық шығармалары мен күйлерін орындады.

Концерт ұйымдастырушылары театр фойесінде Ұлттық ұлан әскерінің қызметтік-жауынгерлік қызметіне арналған фото-бейне және баспа өнімдерін көрсетті. Көрермендер ұзақ уақыт бойы әскери тақырыптағы патриоттық әндерді, әсіресе, жанды дауыспен орындаудағы әндерді тыңдады. Алпамыс Асылбектің басшылығымен шығармашылық ұжымның музыканттары солистерге кәсіби түрде сүйемелдеді.

Концертте көрермендер Ұлттық ұлан Құрметті қарауыл ротасы жауынгерлерінің оркестрдің орындауындағы “Адай” әнімен “қару-жарақпен Дефиле” көрсетілімін тамашалады. Сондай-ақ, ұландықтардың “Домбыра аңызы”, “Победная пляска”, “Бозайғыр” атты әсерлі билері, патриоттық және ұрпақтар сабақтастығы рухына толы майдан және әскери әндер шырқалды.

Елордалық бригаданың мерзімді қызмет әскери қызметшілері жазған Ұлттық ұлан туралы авторлық ән көрермендердің көзайымына айналды. Гала-концерт барлық қатысушылар мен ансамбль ұжымының орындауында Ұлттық ұланның “Елдің қорғаны” әнұранын орындау дәстүрімен аяқталды.

Шара соңында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы Қайрат Үмбетов Алматы қаласының әкіміне өзара іс-қимыл және үлкен концерт залында өнер көрсету мүмкіндігі үшін алғыс айтып, “Құқық тәртібі әскерлеріне 30 жыл” мерейтойлық төсбелгісін табыс етті.

Шаһардың Қоғамдық даму басқармасының бастығы Айдар Есенбеков Алматы қаласы әкімінің атынан әскери ансамбльге керемет концерт бергені үшін алғысын білдірді. Ол әртістерге шығармашылық табыс тілеп, қала әкімінің атынан естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру