Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанда биыл отбасылық-тұрмыстық негізде 605 қылмыс тіркелді

Қазақстанда биыл отбасылық-тұрмыстық негізде 605 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жолдауда Мемлекет басшысы назар аударған өзекті мәселелердің бірі – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық. ІІМ мәліметінше, көбінесе оның құрбандары – әйелдер мен балалар.

– Жыл сайын полицияға осындай фактілер бойынша 100 мыңнан астам өтініш келіп түседі. Бұл ретте әрбір екінші жәбірленуші бұрын берілген өтініштен бас тартады. Көбінесе бұл “жанжалқойдың” немесе туыстарының қысымымен жасалады. Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 99 мың хабарлама келіп түсті. Бірақ олардың 62 мыңы “есептен шығарылды”, өйткені полиция келгеннен кейін жәбірленушілердің өздері өтініш беруден бас тартты. Мұндай мәлімдемесіз полиция қызметкері “үй тирандарын” жауапқа тарта алмайды, – деді Марат Ахметжанов.

Нәтижесінде осы жылдың өзінде отбасылық-тұрмыстық негізде 605 қылмыс тіркелді. Сондықтан нақты шаралар қажет.

– Біріншіден, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ден қоюдың “мәлімдемеден” “анықтаушы” сипатына көшу ұсынылады. Яғни, құқық бұзушыны фактінің өзі үшін жауапқа тарту. Екіншіден, әкімшілік құрамның санкцияларын ең төменгі әкімшілік мерзімін ұлғайту арқылы қамауға алу мерзімін 5 тәуліктен бастау ұсынылады. Бұрын ол болмаған, сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтар бойынша қамауға алу мерзімі 20 тәуліктен 25 тәулікке дейін ұзартылған. Ескертудің орнына есте қаларлық тиімді жазалардың бірі болып табылатын қоғамдық жұмыстарды енгізу ұсынылды. Үшіншіден, денсаулыққа зиян келтіруге байланысты қылмыстардың құрамына “отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы адамға қатысты”деген саралау белгісін енгізу ұсынылады, – деді министр.

ІІМ дайындаған ұсыныстар пакетін жақын арада жұртшылықпен талқылау жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру