Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрінің орынбасары Ақмола облысының полицейлерімен кездесті

Ішкі істер министрінің орынбасары Ақмола облысының полицейлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов орталық аппарат қызметтерінің басшыларымен бірге Полиция департаментінің басшылығымен және жеке құраммен кездесті. Қызметтік кеңес барысында Ақмола өңірінде полицияның сервистік моделін кеңейту мәселелері, атап айтқанда сыртқы қызметтердің халықпен өзара іс-қимылы талқыланды.

Облыс автожолдарындағы жол-көлік оқиғалары санының өсу проблемасына баса назар аударылды. Сонымен қатар, полицейлер апаттың басты себебі – жылдамдық режимінің асырылуы екенін айтты. Олар жалпы статистиканың 60%-нан астамын құрайды. Саптық бөліністердің командирлері мен мүдделі қызметтер басшыларына арнаған сөзінде министрдің орынбасары апаттылықты төмендету – ел Президентінің тапсырмасы мен Ішкі істер министрі М. Ахметжановтың талаптары аясында полиция алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Осы мәселені егжей-тегжейлі талқылау кезінде апатты жағдайды тұрақтандыру бойынша ұсыныстар, оның ішінде патрульдеу бағыттарын өзгерту, цифрлық технологияларды пайдалану және бейнебақылау жүйелерін интеграциялау бойынша ұсыныстар қаралды. Айта кету керек, ақмолалық полицейлер күнделікті қызметінде 40-тан астам автоматты жүйені кеңінен қолданады, оларда 20 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу тіркелген және жолы кесілген.

Апаттылықты төмендету және жол инфрақұрылымының сәйкестігін тексеру үшін 900-ден астам жол тексерілді, 109 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Қызметтік кеңес шеңберінде кездесу қатысушылары жүргізіліп жатқан кадр саясаты, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту және Полиция департаментінің жеке құрамының сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелерін талқылады.

Жұмыс сапары барысында ведомство басшысының орынбасары Ақмола облысының аудандық полиция бөлімшесінің базасында Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының полиция басшылығымен кездесулер өткізеді және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру