Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрінің орынбасары СҚО-да қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық шешімдерін тексерді

ҚР Ішкі істер министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Сәкен Сәрсенов СҚО-да қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық шешімдерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Сәкен Сәрсенов Солтүстік Қазақстан полициясының бөлімшелеріне барып қайтты. Сапардың мақсаты – полицияның заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, адамдардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін тексеру. Қызметтік тұрғын үймен біріктірілген №4 қалалық учаскелік полиция пункті, Петропавл қаласының полиция басқармасы, жедел басқару орталығы – Сәкен Сәрсеновке облыстың ең ірі полиция бөлімшесінің жұмысы мен техникалық ресурстары көрсетілді.

Петропавл қаласының полиция басқармасында ондаған тергеуші мен анықтаушылар қызмет атқарады. Соңғы жылдары олардың жұмысы “цифрлық форматқа” ауысты: барлық қылмыстық істер электрондық форматта тергеліп жатыр. Полиция кабинеттері үздіксіз бейнебақылаумен жабдықталған; жұмыс процесі үздіксіз жазылады. Сондай-ақ, министрдің орынбасары биыл құрылған криминалдық полиция бөлімшесі – “Киберпол” қызметінің ұйымдастырылу ретімен танысты.

ЖБО-да полиция қызметкерлері орталықтың 420 бейнекамерасының көмегімен көшелердегі жағдайды бақылайды. Петропавлдың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында барлығы 33 мың камера бар, оның сегіз мыңы ЖБО-ға қосылған. ЖБО базасында 2021 жылдың басынан бастап “102” қосымшасының бағдарламалық жасақтамасы жұмыс істеп жатыр. Биылғы жылы адамдарға арналған ыңғайлы арна арқылы полицияға 130-дан астам түрлі хабарламалар келіп түсті.

Ішкі істер министрінің орынбасары сыртқы қызметтер пайдаланатын киілетін бейнетіркегіштердің функционалдығымен танысты. Бүгінгі таңда СҚО патрульдік полициясының қызметкерлері 100% “бейнежетондармен” жабдықталған. Сәкен Сәрсенов қолда бар цифрлық құралдарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Ең басым бағыттар – жұмыстың ашықтығы, жеделдігі, адамдардың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ техникалық ресурстардың көмегімен қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың уақытылы алдын алу.

Сапар аясында облыстық полиция департаментінде ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновтің әкімдік өкілдерімен цифрландыру мәселелері бойынша кездесуі өтті. Оған цифрландыру, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік басқармаларының, сондай-ақ “Қазақтелеком” АҚ өкілдері қатысты. Мүдделі ведомстволардың ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылын күшейту, білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық, адамдар көп жиналатын жерлерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Өңірге жасалған сапар соңында Сәкен Сәрсенов облыстың бірқатар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің техникалық қамтамасыз етілуімен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру