Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері діни сипаттағы тыйым салынған материалдарды сақтаудың үш дерегін анықтады

ШҚО полицейлері діни сипаттағы тыйым салынған материалдарды сақтаудың үш дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабымен (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жыл басынан бері Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды сақтаудың 3 дерегін анықтаған. Барлық аудио файлдар смартфондарда сақталған.

Алғашқы фактілер ағымдағы жылдың қаңтар және наурыз айларында анықталған, онда облыс орталығының 31 және 33 жастағы екі тұрғыны, діни мазмұндағы материалдарды белгілі әлеуметтік желілердің бірінде жариялаған. Діни материалдар тәркіленді.

Үшінші дерек ағымдағы жылдың мамыр айында анықталды. Онда Өскемен қаласының 31 жастағы тұрғыны ұялы телефонында тыйым салынған діни мазмұнды аудио кітапты сақтаған.

Жиналған материалдар дін істері басқармасына жіберіліп, дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша тыйым салынған діни мазмұндағы материалдардың мазмұны расталды.

Жоғарыда аталған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы – (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олардың әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру