Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Алтын кітап” баспасының кезекті шығарылымында қостанайлық полицей жайлы очерк жарық көрді

“Алтын кітап” Отандық баспасының кезекті шығарылымында жерлестері ауданның мақтанышы деп атайтын Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің қызметкері Наталья Бычкова туралы очерк жарық көрді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 жылдан астам уақыт бойы Наталья Бычкова ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. Полиция қызметкері мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамына және жарымжан балалардың аналарына ұзақ уақыт көмектесіп келеді.

– Мұндай адамдарға әрқашан қолдау қажет. Менің қамқорлығымда үш отбасы бар. Мүмкіндігінше ортопедиялық аяқ киіммен, жабдықтармен көмектесемін. Жақында біздің отбасымыздан мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арбаны сатып алып, оны Сарыкөл кентінің тұрғынына тапсырдық, – деді Наталья Бычкова.

Қазіргі уақытта Наталья штабтың аға инспекторы болып қызмет атқарады. Қызметкер ретінде әртүрлі профилактикалық шараларға қатысады.

– Мен көмекке мұқтаж адамдарды көргенде, бей-жай қарап өте алмаймын. Бұл қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмектесу және қолдау қажеттілігі, – деді қызметкер.

Әріптестерінің қайырымдылық көмегіне аудандық полиция бөлімінің басқа да қызметкерлері қосылды. Олар оны осы игі істе қолдады.

Наталья қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін түрлі ведомстволық наградалармен марапатталды. Полицейдің айтуынша, Қазақстанның “Алтын кітабына” кіру үлкен құрмет.

“Алтын кітап” баспасы 1998 жылы құрылған. Баспа кітаптары еліміздің барлық кітапханаларында, Президент Әкімшілігінің, ҚР Парламентінің, Біріккен ұлттар ұйымының кітапханаларында орналасқан және Қазақстан Республикасын абыроймен ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру