Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының кездесуі өтті

15 қаңтарда Ішкі істер министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өзара ақпарат алмасу бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жазаны қатайтуға қатысты қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға ерекше назар аударды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған бірлескен іс-қимылдардың жалғасатынын баса айтты.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру