Ішкі істер министрлігі сот сараптама мәселелерін талқылады
Ішкі істер министрлігінде тергеу бөліністерінің сараптамалық мекемелермен өзара іс қимыл жасасу, сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде сот сараптамаларды тағайындау және өткізу барысында туындайтын проблемалық мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиынға ІІМ Тергеу департаментінің, Әділет министрлігі сараптамалық қызметі департаментінің, Сот сараптамасы орталығының және Республикалық сот сарапшылар палатасының, сондай-ақ онлайн-форматында өңірлердегі полиция департаментінің және сот сот сараптама институттарының басшылары қатысты.
ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеуде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары мен сот-сараптамалық мекемелері арасындағы іс-қимыл жасасудың маңыздылығын атап өтті, себебі қылмыстық оқиғаның мән-жайларын анықтау үшін іс жүзінде әр қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалады.
Әділет министрлігі сараптамалық қызметі департаментінің бастығы Ерлан Қосмұратов өз ведомствосында жұмыстың қайта форматтауына көшу және ғылыми-әдістемелік жұмысты әзірлеу және заманауи технологияларды еңгізу басқармасы құрылып жатқандығы туралы жеткізді.
Сараптамалық зерттеулер үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Әділет министрлігі және Сот сараптама орталығымен қабылдаған шаралар, соның ішінде 2019 жылы еліміздің 8 аймағында қосымша молекулярлық-генетикалық зертханалардың ашылғандығы атап өтілді.
ІІМ және ӘМ бастамашылығымен кейбір сот сараптамалардың аутсорсинг арқылы бәсекелестік ортаға кезең-кезеңмен көшуі өң нәтижесін көрсетті. Ол сот сараптама өндірісінің мерзімін үнемдеуге мүмкіншілік берді.
Сот сараптама институттары сарапшыларының, соның ішінде психиатрия және психология саласындағы, мамандардың штаттық саны мен жетіспеушілігі, сонымен қатар, молекулярлық-генетикалық сараптамаларды өткізу зертханалары мен реактивтер бойынша мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары белгіленді.
ІІМ Тергеу депарптаментінің бастығы сараптамалық зерттеуге жолданатын заттай айғақтардың басым көпшілігі оқиға болған жерді қарау кезінде алынатындығын атап өтті, оған қажет болған жағдайда криминалис-мамандар, сот-медициналық сарапшылар қатысады.
Осы орайда, ол заттай айғақтарды сапалы алу мақсатында криминалис-мамандарға оқиға болған жерді қарауды жүргізу құқын жүктеуді ұсынды. Ал тергеуші орын алған қылмыстық әрекеттің мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдап, сонымен қатар тиісті сараптамаларды тағайындар еді.
Кездесу нәтижесі бойынша сот сараптама қызметін жетілдіруге және полицияның практикалық жұмысындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Қатысушылар шараның ұйымдастырылуына ризашылығын білдіріп, жұмысын әрі қарай осындай жемісті форматта жалғастыруды ұсынды.