Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәмелетке толмаған алматылықтарға қонақ үйден бөлме берілмейтін болады

Алматы полициясы қонақ үй кешендерімен жасөспірімдерге қатысты келісімге отырды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы ПД кәмелетке толмағандарға бөлме бермеу туралы қонақ үй кешендерімен келісімге отырды.

– Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу және болдырмау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Түрксіб ауданындағы қонақ үй кешендерінің басшыларымен кездесу өтті. Оның нәтижесінде Алматы қаласы ПД мен қаладағы қонақ үй кешендерінің басшылары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Осы келісім аясында қонақ үй кешендері кәмелетке толмағандарға бөлме бермейтін болады. Тіркеу кезінде әрқашан жеке басын куәландыратын құжаттарды сұраңыз, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың (заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз), жақын туыстары болып табылмайтын адамдармен (сенімхатсыз) қонақ үй кешеніне келу және кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да заңсыз деректер туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлаңыз, – деді Алматы қалалық ПД ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Ведомствоның хабарлауынша, іс-шара профилактикалық сипатқа ие және қызмет көрсету жұмысшыларын қабылданған шаралармен таныстыруға бағытталған. Инспекторлар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, осындай жағдайлар орын алған кезде әрекет ету алгоритмін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру