Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Учаске” іс-шарасы: Шымкентте 6 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Шымкентте “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шараcы барысында 6294 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте “Учаске” іс-шарасының алты күнінде учаскелік полиция инспекторлары барлығы 20 235 пәтер мен жеке тұрғын үйлерді тексерді.

Жалға берілетін 290 пәтер тексерілді, тексеру кезінде ол пәтерлерде тұрып жатқан Ресей Федерациясының 75 азаматы анықталып, сауалнамалар алынды.

Сондай-ақ, 147 бір нүктелік рейд өткізілді, оның ішінде сауда орындарында – 32, өзге де орындарда – 115.

Қаңғыбастық пен қайыршылық жасап жүрген, тұрғылықты жері жоқ 8 адам анықталып, қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Түнгі мезгілде жүрген 42 жасөспірім ұсталды: заңды өкілдерсіз жүрген – 24, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін – 18. Ішкі істер органы есебінде тұрған 1896 тұлға тексерілді: шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған – 250 адам, әкімшілік қадағалау орнатылған – 24, мінез-құлқына ерекше талап белгіленген – 108, қорғау нұсқамасы шығарылған – 476 тұлға, әкімшілік қадағалауға түсетін – 80 адам, пробация есебінде тұратын – 740 тұлға және 130 жайсыз отбасы.

Іс-шара барысында 662 қару иесі тексеріліп, қаруды тіркеу және сақтау тәртібін бұзғаны үшін 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлығы 6294 тұлғаға, оның ішінде тіркеусіз тұрғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабымен 228 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды.

Аудандық Полиция басқармасы мен учакелік полиция пунктіне барлығы 747 тұлға жеткізіліп, қол саусақ іздері алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру