Кафе карантин кезінде жұмыс істеген
Шымкентте карантин ережесін елемеген кафе анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 шілде күні сағат 23:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің және Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесіп Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27 Қаулыларының талаптарына сай Қаратау ауданында жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізді.
Нәтижесінде Қаратау ауданы С. Байтереков көшесінің бойында орналасқан «Loft House» кафесі карантин режимін бұзып, жұмыс жасап жатқаны анықталды.
Аталған жайт бойынша кафе әкімшісін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар, Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.