Кафеден мұздатқышты ұрлап кеткен жігіт ұсталды
Шымкент қаласында Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері мұздатқыш ұрлаған күдіктіні бір тәулік ішінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 17 қыркүйегінде шамамен сағат 01:05-те Әл-Фараби АПБ кезекші бөлімінің «102» сымтетігіне жергілікті тұрғын хабарласып, шамамен жалпы құны 200 мың теңге тұратын мұздатқышының ұрланғаны жөнінде арызданған.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері белгісіз адам кафеге кілт таңдау арқылы кіріп, мұздатқышты ұрлап, бой тасалағанын анықтады.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары жүргізу барысында күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді. Ол 1999 жылы туған жергілікті тұрғын, жәбірленушінің пәтерін жалдап тұрған азамат болып шықты.
Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.