Карантин режимін бірнеше мәрте бұзған шымкенттік нысандар анықталды
Шымкентте адам көп жиналатын нысандар карантин режимін бірнеше мәрте бұзған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Карантин режимін бұзу жайттарын анықтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық басқарма қызметкерлері арнайы құрылған мобильді топпен бірлесіп, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша барлығы 864 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде мобильді топпен – 663, ал қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде полиция қызметкерлерімен – 201 жайт анықталдяы. Аталған жайттар бойынша жинақталған іс-құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолданды.
- Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік контораларда – 166;
- Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсемдік салондарында – 42;
- Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 99;
- Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 245;
- Демалыс аймағында – екі;
- Басқа да орындарда – 114;
- Көпшілік орында -196 бетпердесіз жүргендер анықталды.
Карантин режимін бұзу фактілеріне сараптама жүргізу барысында төмендегі нысандар бірнеше рет құқық бұзушылықтарға жол берген:
- Абай ауданы, "Шафран" кафесі - екі;
- Абай ауданы, "Метро" түнгі клубы - екі;
- Әл-Фараби ауданы, "Арзан" дүкені - төрт;
- Әл-Фараби ауданы, "Донер" орталығы - үш;
- Әл-Фараби ауданы, "Мерей" тойханасы - жеті;
- Әл-Фараби ауданы, "Жұлдыз" мейрамханасы - үш:
- Әл-Фараби ауданы, "Чехов-PUB" кафесі - бес;
- Әл-Фараби ауданы, "Shelby" караоке-клубы - бес;
- Әл-Фараби ауданы, "АВАЗ-АТА" азық-түлік дүкені - тоғыз;
- Әл-Фараби ауданы, "FC" интернет клубы - жеті;
- Еңбекші ауданы, "Злиха" саунасы - екі;
- Еңбекші ауданы, "Татьяна" саунасы - екі;
- Қаратау ауданы, "RoyaL Rose" тойханасы - үш рет.