Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин режимін сақтамаған шымкенттік мейрамхана анықталды

Карантин режимін сақтамаған шымкенттік мейрамхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 шілдесі сағат 21:58-де кезекті рейд барысында Еңбекші ауданының тәртіп сақшылары Шаяхметов көшесінде орналасқан мейрамхананың карантин талаптарын сақтамағанын анықтады. Кәсіпкерлік нысан “Аshyq” бағдарламасына тіркелмей, сағат 20:00-ден кейін келушілерді қабылдап, жұмыс істеген. Сонымен қатар мейрамхана жұмысшылары келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру