Карантин шектеулеріне бағынбаған шымкенттік рестобар анықталды
2021 жылдың 25 маусымында сағат 22:39-да Тәуке хан даңғылы №330 үйде орналасқан «VIVE» кафесі карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мен даяшылар рестобар ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен. Сондай-ақ келушілерге қорқор ұсынғаны да белгілі болды.
Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған дәмхана әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.