Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық бұрынғы әйелінің ұялы телефонын күштеп тартып алды

Түркістан облысының полицейлері бұрынғы әйеліне күш көрсетіп, ұялы телефонын алып кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, күндізгі сағат 15:00 шамасында өзінің үйіне бұрынғы некедегі күйеуі келіп, күш қолдану арқылы ұрып-соққан. Оған қоса құны 30 мың теңге болатын екі бірдей Samsung  ұялы телефонын алып қойған. Осылайша жәбірленуші 60 мың теңгеге шығындалды. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен күдіктіні тез арада ұстау мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Күдікті азаматты ұстауға бағытталған барлық шараларды жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні өзінің тұрғылықты үйінен ұстады. Айғақты зат ретінде ұялы телефондар алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Қазығұрт аудандық сотына жолданды. Күдікті ер азаматтың бас шарасы қолхатта.

Жалпы полицейлер қылмыстық істерді ашумен қатар түрлі жанжалдар және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастарды да шешуге өз үлестерін қосуда. Елдің тыныштығын ойлаған тәртіп сақшылары кез-келген келіспеушіліктің себебін анықтап, шешуін табу жолында барлық кедергілерден өтуге дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру