Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер дүкеннен киім ұрлаған күдіктіні ұстады

Шымкенттік полицейлер дүкеннен киім ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 23 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби АПБ-ның “102” сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында Шымкент қаласында орналасқан дүкендердің бірінен белгісіз біреу құны 95 430 теңге тұратын киімдерді ұрлап кеткенін көрсеткен.

Әл-фараби АПБ ЖПҚБ УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бейнекамера арқылы күдіктінің ізіне түсіп, қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру