Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысан анықталды

Шымкент қаласының Абай ауданы бойынша кәсіптік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильдік топ құрылып, жұмыстар атқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылы 4 қараша күні мобильді топпен жүргізілген рейдтік іс-шара барысында сағат 22:18 шамасында Шымкент қаласы 1-Мамыр көшесі бойында орналасқан «Металлург» дүкені жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Дүкен иесіне Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігерінің №39, №40, №41 қаулысында белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігімен шара қолдану үшін Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармысына іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру