Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантинге қарамай қызмет көрсететін сауналар азаймай тұр

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасы мен мобильді топ өкілдері аудан аумағында жедел профилактикалық іс-шараларын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында карантин талаптарын елемей келушілерге қызмет көрсеткен сауна анықталды. 5 тамыз күні сағат 21:20 шамасында Шымкент қаласы Самал-2 мөлтек ауданында орналасқан «Престиж» саунасын тексеру барысында саунаның келушілерді қабылдап жұмыс жасап жатқаны анықталды. Ғимарат ішінде бес адам болғаны анықталып, аталған жайт бойынша сауна иесінен түсініктеме алынған. Осы бойынша Шымкент қаласы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру