Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантинде 100 адамдық той өткізген шымкенттіктер жауапқа тартылды

Карантинде 100 адамдық той өткізген шымкенттіктер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті мейрамханалардың бірінде тұрғындар қыз ұзату тойын өткізіп жатқанын анықтады. Тойханада 100-ге жуық адам жиналған.

Тәртіп сақшылары тойды тоқтатып, карантин режимінің талаптары туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, жиналған азаматтарды тарқатты.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Айта кетейік, қала аумағында Шымкенттің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысының талаптарын бұзу фактілерінің алдын алу және оларды болдырмау мақсатында күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Мұндай жайттар анықталған жағдайда, карантинді бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру